«Ақтөбе қаласының №25 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ
0
Ақтөбе қаласының білім бөлімі және Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен 20 – 25 қараша

Ақтөбе қаласының білім бөлімі және Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен 20 – 25 қараша күндері қала мектептері арасында Спартакиада бағдарламасы бойынша оқушылар арасында баскетбол ойынынан жарыс өтуде. Негізі Спартакиада бағдарламасы бойынша биылғы оқу жылында спорттың 8 түрінен өткізу жоспарланған. Бүгінгі жарысқа 50-ден астам мектеп қатысуға ниет білдірді. Жарыс 6 күнге созылады , 20-22 қараша күндері қыз балалар, 23 – 25 күндері ер балалар арасында өткізіледі. Жарыс соңында қыз және ер балалар арасында анықталған жеңімпаздар облыстық көлемдегі жарыста қала намысын қорғайды