«Ақтөбе қаласының №25 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ
0
"Мерген Ару-2018"

Қалалық ғылыми-əдістемелік орталығының, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сəйкес, ақпан айының 1-2 күндері 9 ОМГ атыс тирінде Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған қаланың жалпы білім беретін оқушылары қыз балалары арасында "Мерген Ару-2018" пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату жарысы өткізілді.

 

Жарыс нəтижесінде командалық есепте 1-ші орынды 25 ЖОМ, 2-ші орынды 9 ОМГ, 3- орынды Елек ОМ, 28 ОМ, 6 ОМ, 33 ОМ жеңіп алды. Жекелей сайыс қорытындысы бойынша: 1-ші орынды 25 АОМ оқушысы Ярошенко Д, 2- ші орынды 55 ОМ оқушысы Ершеге Еркеназ, 28 ОМ оқушысы Қалиева Альбина, 3- ші орынды 30 ОМ оқушысы Альмуханова Камила, 9 ОМГ оқушысы Қуаныш Гүлбақыт жеңіп алды.