«Ақтөбе қаласының №25 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ
0
Ата-аналардың назарына!

2007 жылғы 27 шілдедегі  "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде 2016-2017 оқу жылынан бастап мектептердің  1 кластарында бірыңғай мектеп формасы енгізілді. Бұл шара білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.

Форманың моделі
ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, галстук,
қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,сарафан, юбка, галстук бекітілді.
Мектеп формасына қойылатын талап:

 

  1. Гигиеналық. Балалардың киімі ауа алмасуына ,термолегуляцияға мүмкіндігі болуы керек, тер сіңіргіш,теріні тітіркендірмеуі және денеге жайлы болуы шарт. 
  2. Сапалылығы мен төзімділігі. Балалардың қозғалғыштығын ескере отырып, материалдарының созылмалылығы , баланың еркін қозғалуын қамтамасыз етуі және жіптері шықпауы, төзімді болуы тиіс .Балалар ұзақ уақыт бір орнында отыратындықтан әсіресе, пиджактары мен шалбарлардың матасының созылып кетпеуі және формасын өзгертпеуі ескерілуі қажет.
  3. Күтімінің жеңілдігі. Балалардың заттары тез ластанатындықтан, тез тазалануы ,  мүмкіндігінше жуылуы, жеңіл шешілуі  және үтіктелуі тиіс.

Матаны таңдауда басты критериі мектеп формасы сапалы табиғи материалдан дайындалуы керек: жүн,мақта.
Келесі 2017-2018 оқу жылында мектеп формасының матасы мен түсіне байланысты талаптар сақталады, фасонын әр ата-ана өз қалауымен өзгертуіне болады.